1. Жалпы ережелер
1.1 Осы Ереже көрнекті қабілеттерін танытқан таланттыжәне дарынды балаларға бір жолғы ақшалай сыйлықақы беруге талапкерлерді іріктеу бойынша конкурстық комиссиясын құру мен жұмыс тәртібін белгілейді (бұдан эрі - «Тәуелсіздік ұланы» сыйлықақысы).
1.2 «Тәуелсіздік ұланы» сыйлықақысын талап ету қорытындылары мемлекеттік мереке - Тәуелсіздік күні қарсаңында шығарылады.
1.3 Талапкерлерді іріктеу жұмысын ұйымдастыру мен техникалық қамтамасыз ету мақсатында «Тәуелсіздік ұланы» сыйлықақысын беру бойынша облыстық конкурстық комиссия құрылады (бұдан эрі - Комиссия).
1.4 Комиссия құрамы Павлодар облысы білім беру басқармасының бұйрығымен бекітіледі.
2. Облыстық конкурстық комиссияның өкілеттігі
2.1 Комиссия құрамында 7 адамнан кем болмау керек, соның ішінде төраға, оның орынбасары, мүшелері, хатшы. Комиссия құрамы жылсайын Павлодар облысы білім беру басқармасының бұйрығымен бекітіледі.
2.2 Комиссия жұмысын төраға басқарады, ол болмаған жағдайда -орынбасары. Комиссия төрағасы жалпы басшылық етеді, жұмыс тәртібі мен кестесін белгілейді; отырыстар өткізеді. Комиссия мүшелері өз қызметін өтеусіз негізде атқарады.
2.3 Конкурстық комиссия отырыстары құрамының үштен екісі болған жағдайда кұқылы болып саналады. Комиссия келесі функцияларды орындайды: «Тәуелсіздік ұланы» сыйлықақысының талапкерлері ұсынған құжаттаманың сараптамалық бағалауын жасайды, кандидаттар тізімін құрады, құжаттарды талдайды.
2.4 Құжаттардың сараптамасы кезінде Комиссия мүшесі талапкер ұйымында жұмыс істеген, көрнекті қабілеттерін танытып, тиісті ақшалай сыйлықақысының талапкерімен туыстық қатынаста немесе ғьшыми жетекшілік, бірлескен авторлықта болған мүдделер қайшьшығы жағдаятына жол берілмейді.
2.5 «Тэуелсіздік ұланы» сыйлықақысы Комиссия шешімінің негізінде беріледі.
2.6 Комиссия қабьшдаған шешім хаттамамен рәсімделеді және облыс білім беру басқармасының бұйрығымен бекітіледі. Талапкерлер тізімі Павлодар облысының әкімдігімен келісіледі.
2.7 Комиссия шешімі қабылданған мерзімінен жеті күн аспай облыс білім беру басқармасының интернет-ресурсында орналастырьшады.
2.8 «Тәуелсіздік ұланы» сыйлықақысымен қайтадан марапаттауға жол берілмейді.
3. Сыйлықақы кандидаттарын усыну тәртібі
3.1 «Тэуелсіздік ұланы» премиясын алуға үмітқерлер соңғы үш жылдың ішінде облыстық, республикалық және халықаралық конкурстар, олимпиадалар мен сайыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады:
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы «Жалпы білім беретін пэндер бойынша республикалық жэне халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың,) орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарйстардың тізбесін бекіту туралы» № 514 бұйрығына;
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мэдениет жэне дене шынықтыру комитеті төрағасының м.а. 2020 жылғы 14 желтоқсандағы «2021 жылға арналған спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбесін бекіту туралы» №380 бұйрығына;
- Қазақстан Республикасының Білім жэне ғылым вице-министрімен бекітілген республикалық спорттық-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралары жэне халықаралық сайыстардың күнтізбелік жоспарына;
- Қазақстан Республикасы Білім жэне ғылым министрлігімен бекітілген республикалық бюджет қаражаты есебінен өткізілетін республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шаралар тізбесіне (Қосымша білім берудің республикалық оқу-эдістемелік орталығының 2021 жылғы 21 ақпандағьі №15-53/105 хаты) енгізілгендер;
- сондай-ақ аймақаралық жэне облыстық олимпиадалар, кәсіби шеберлік конкурстардың жүлдегерлері. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқушылары үшін тек республикалық жэне халықаралық деңгейдегі жетістіктер ескеріледі. «Спорттық шеберлік» номинациясында тек республикалық және халықаралық деңгейдегі жетістіктер ескеріледі.
3.2 Қоғамдық-маңызды, батыл әрекет жасаған, өзге адамды құтқару үшін өз өміріне қауіп төндірген білім алушыларға «Тәуелсіздік ұланы» сыйлықақысы конкурстан тыс беріледі.
3.3 «Тәуелсіздік ұланы» сыйлықақысы жыл сайын келесі номинациялар бойынша беріледі:
- «Ғылыми-техникалық шығармашылық пен оқу-зерттеу қызметі» - 80 к^іта;
- «Кәсіби шеберлік» (техникалық және кэсіптік білім беру ұйымдары үшін) - 40 квота
- «Шығармашылық шеберлік» - 70 квота;
- «Спортгық шеберлік» - 70 квота;
- «Әлеуметтік маңызы бар және қоғамдық қызмет» - 40 квота.
3.4 Конкурс бірнеше кезеңце өткізіледі. Конкурсты ұйымдастыру мен өткізу үшін эр кезеңде сараптамалық (жұмыс) топтар құрьшады.
I кезең - білім беру ұйымдарының деңгейінде.
Бұл кезеңде білім алушылар осы Ереженің 3.2 тармағына сәйкес білім беру ұйымдарының сараптамалық (жұмыс) топтарына қажетті материалдарды ұсынады. Сараптамалық (жұмыс) топтар ұсынылган материалдарды іріктеп,.талапкерлердің Конкурстың келесі кезеңіне қатысуы туралы шешімін қабылдайтын білім беру ұйымының педагогикалық кеңесіне бекітуге ұсынады. Конкурстың басталуы мерзімі 2021 жылдың 15 сәуірі. I кезеңнің құжаттарын қабылдау мерзімі: ағымдағы күнтізбелік жылдың 18-23 қазан аралығы.
II кезең - қала жэне аудан деңгейінде.
Білім беру ұйымдары ұсынға» материалдар қалалық жэне аудандық білім беру бөлімдерінің сараптамалық (жұмыс) топтарымен қаралады. II кезеңнің құжаттарын қабылдау мерзімі: ағымдағы күнтізбелік жылдың 1-6 қараша аралығы. Сонымен қатар, I жэне II кезеңдерін өткізу кезінде талапкерлер визитка форматында өздерінің видеороликтарын (1 минуттан көп емес). орналастырған веб-сайтта онлайн дауыс беру ұйымдастырылады. Дауыс беру нәтижелері I және II кезең қорытындыларын шығарған кезде есепке алынады. Қалалық жэне аудандық білім беру бөлімдері, мамандандырылған, арнайы, техңикалық жэне кәсіптік білім беру ұйымдары 2 қосымшаға сәйкес талапкерлер тізімін Комиссияның қарауына ағымдағы күнтізбелік жылғы 13 қарашаға дейін тапсырады.
III кезең (облыстық) - қорытынды.
III кезеңнің құжаиттарын қабьшдау мерзімі: ағымдағы күнтізбелік жылдың 15 қараша-3 желтоқсан аралығы. Комиссияның қарауына келесі материалдар ұсыньшады:
- Конкурстың қорытынды кезеңінің талапкерлер тізімін көрсетумен сараптамалық (жұмыс) топтары отырыстарының шешімі (үзінді көшірме);
- 4.1, 4.2 тармақгарына сәйкес ағымдағы күнтізбелік жылғы қызмет жетістіктерін (портфолио) растайтын құжаттар;
3.5. Конкурстық іріктеу әр номинация бойынша жеке өткізіледі. Егер бір немесе бірнеше номинацияда талапкерлер болмаса, «Тәуелсіздік ұланы» сыйлықақысы ұсынылған номинациялар арасында ең көп рейтингтік ұпай саны бойынша критерийлеріне сәйкес бөлінеді (1-қосымша).
3.6 Әр талапкер жетістіктері конкурстық комиссияның үш мүшесімен бағаланады.
3.7 Осы Ережеде көрсетілмеген жағдаяттар туындаған сәтте конкурстық комиссия шешімі алқалы қабылданады.
4. Ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар
4.1 «Тәуелсіздік ұланы» сыйлықақысының талапкері келесі материалдарды тапсырады:
- белгіленген форма бойынша талапкер сауалнамасы (3-қосымша);
- мэлімделген номинация бойынша соңғы үш жылғы жетістіктерді дәлелдейтін құжаттар көшірмесі (дипломдар, грамоталар, алғыс хаттар, куәліктер, сертификаттар, БАҚ-тағы жарияланымдар жэне т.б.). Әр көшірме талапкерді ұсынган ұйым басшысының қолымен және мөрімен-расталады;
- мәлімделген номинация бойынша Конкурс қатысушысының ерекше табыстарын растайтын өзге материалдар.
4.2 Материалдар жеке мөлдір тысты папкада ұсынылады, әр құжат жеке файлда болу керек (құжаттардың екі жақты салынуына рұқсат беріледі).
4.3 Талаптарға сай келмейтін материалдар Комиссия шешімімен қабылданбауы мүмкін. Конкурсқа белгіленген мерзімнен кеш және осы Ереженің 3.3-тармағында көрсетілген ілеспе құжаттарсыз жіберілген материалдар қаралмайды.
5. Конкурсты қаржыландыру
5.1 «Тәуелсіздік ұланы» сыйлықақысының иегерлері 300 білім алушы санында медальмен, төсбелгімен марапатталады және 50-еселі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы сыйақы алады.
5.2 Конкурс жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылады.
created with
Joomla Page Builder .